ШҚО-да өз саяжайында қарасора өсірген азамат ұсталды

Сурет: ҚР ІІМ
Шілде айының ортасында "Қарасора – 2023" жедел-профилактикалық іс шарасын өткізу барысында 42 жастағы облыс орталығы тұрғынының есірткі заттарын заңсыз өсіруі туралы ақпарат жедел уәкілдердің орбитасына түсті.

Алынған сигналды тексеру барысында көрсетілген ақпарат расталды. Жылыжай ішіндегі саяжай аумағын тінту кезінде жалпы салмағы 1140,55 грамм болатын қарасора өсімдігінің 73 бұтасы табылып, тәркіленді.

Ер адамның айтуынша, ол өзінің "егінін" жеке тұтыну үшін өсірген. Күдіктіге қатысты келуге міндеттеу түріндегі процесстік мәжбүрлеу шарасы таңдалды.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 300-бабы 1-бөлігі (Құрамында есірткі заттары бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Бұл баптың санкциясымен 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты