Астанада теміржол өткелінде автобус пен пойыз соқтығысты

Сурет: видеодан алынды
Әлеуметтік желіде жолаушылар автобусы мен тепловоздың соқтығысқан сәтінің видеосы тарады. Аталған жол-көлік оқиғасының елордада 31 тамызда сағат 21:40 уақытында орын алғаны белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

CTS компаниясының баспасөз қызметі №30 бағдардағы қоғамдық көліктің тепловозға соғылғанын растады.

"31 тамызда сағат 21:40-та Тайбұрыл көшесінен Үшқоңыр көшесі бағытындағы теміржол өткелінде №30 қоғамдық автобустың жүргізушісі жол ережесін бұзып (теміржол өткеліндегі жол белгілерінің талаптарын сақтамау және бағдаршамның тыйым салған белгісін елемеу), тепловозбен соқтығысты, делінген хабарламада.

Автобус жүргізушісіне қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Зардап шеккендер жоқ.

"Жүргізушінің жолаушылар көлігі саласындағы еңбек өтілі – 30 жыл. №1 автобус паркінде 10 жыл жұмыс істеген.  Рейс алдында (сағат 05:30-да) медициналық тексеруден өткен. Жүргізуші разнарядқа сәйкес, демалыс күнінен кейін 1-ші күн жұмысқа шыққан. Жүргізуші жұмыстан шеттетіліп, CTS компаниясының біліктілік орталығына қайта даярлауға жіберілді", делінген CTS компаниясының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.


Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы