Атырауда достарымен бірге балық аулауға шыққан ер адам із-түзсіз жоғалып кетті

Сурет: Telegram/police_of_kz
Атырауда 10 қыркүйек күні достарымен балық аулауға кетіп, қайта оралмаған ер адам іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атырау облысы полиция департаментінің мәліметінше, 10 қыркүйек күні 1987 жылы туған Ербол Құсайыновтың жақындары полицияға оның достарымен бірге балық аулауға кетіп үйге оралмағанын хабарлаған.

"Полиция департменті, Төтенше жағдайлар департаменті және Ұлттық ұланның 80 сарбазы мен кинология бөліністері және сүңгуірлер іздеу жұмыстарына жұмылдырылған", – делінген хабарламада.

Сурет: Telegram/police_of_kz

Бүгін үшінші күн қатарынан Атырау облысында құзырлы органдар жоғалған азаматты іздеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Қазақстанның үш облысында алты күннен бері үштөбелік 15 жастағы мектеп оқушысы Ақерке Жолдасова іздестіріліп жатыр.


Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды