Жаңалықтар тізбегі
0

Үштөбеде жоғалған оқушы қыз еліміздің үш өңірінде іздестіріліп жатыр

Жетісу облысы, кәмелетке толмаған жастар, іздеу, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.09.2023 17:45 Сурет: Zakon.kz
Қазақстанның үш облысында алты күннен бері үштөбелік 15 жастағы мектеп оқушысы Ақерке Жолдасова іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшалардың бірінде жарияланған ақпаратқа сәйкес, №51 мектептің 11-сынып оқушысы бес күн бұрын жоғалып кеткен. Қыз Әмір есімді жігітпен қашып кеткен болуы мүмкін, ол жігіт қызды сабақтан кейін алып кеткен. Бұл бейнебақылау камераларына түсірілген делінгенмен, мектеп әкімшілігі жазбаны беруден бас тартып отыр.

Куәгерлердің айтуынша, оқушы қыз бен жігіт Талдықорған бағытында таксиге отырған.Такси жүргізушісі оларды арбатқа түсіріп кеткенін айтқан.

"Осыдай кейін екеуі туралы ешқандай ақпарат жоқ. , анасы жоғалған күні арыз жазған", - делінген хабарламада.

Жетісу облысының полиция департаменті жазбаға жауап бере келе, оқушы қыздың жоғалып кеткенін растады:

"Шынымен де, Қаратал ауданының полицейлері облыстық департаменттің жедел қызметкерлерімен бірлесіп, үштөбелік 15 жастағы оқушы Ақерке Жолдасованы іздеуге кірісті. Іздеу соңғы алты күннен бері жүргізілуде. Қыз кәмелетке толмаған Әмір Тергеуовпен бірге жүр деген болжам бар, оның туыстары да іздеуге көмектесу үшін аудандық полицияға хабарласқан".

Ведомство қыз бен жігіттің қайда екені әлі анықталмағанын атап өтті.

"Жедел-іздестіру топтары еліміздің үш облысында жұмыс істеп жатыр. Іздеу шаралары облыстық криминалдық полиция департаментінің ерекше бақылауында. Егер жоғалған жасөспірімдер жөнінде көрген-білгендер болса, мына телефондарға хабарласуларыңызды сұраймыз: 8 (7282) 608-008, 8 (705) ) 110-5557 немесе "102". Жетісу облысы ПД баспасөз қызметі

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: