Үрлемелі матраспен Каспийге шыққан үш қыз іздестіріліп жатыр

Маңғыстау облысында құтқарушылар пневматикалық матраспен шығып, Каспий теңізіне батып кеткен үш қызды іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Ақтаудан 51 шақырым жерде ТЖД, ҰҚК ПС, Полиция департаментінің күштері ашық теңізге үрлемелі матраспен шығып кеткен үш қызды іздестіріп жатыр. Іздестіруге "Қазавиаспас" тікұшағы жеткізілді", - деп хабарлады Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Ведомство іздестіру нәтижесі кейінірек жарияланатынын айтты.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript