Каспий теңізіне үрлемелі матраспен шыққан үш қыз құтқарылды

Каспий теңізіне үрлемелі матраспен шыққан үш қыз құтқарылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.07.2023 11:29 Сурет: pxhere
"Қазтеңізкөлікфлоты" ЖШС Сұңқар кемесі экипажының мүшелері үш қызды құтқарып қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Lada.kz сайтына Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті "Қазтеңізкөлікфлоты" ЖШС Сұңқар кемесі экипажының мүшелері үш қызды құтқарып қалғанын айтты.

"Қыздар жағалаудан 22 шақырым қашыққа ұзап кеткен. Олардың жағдайы тұрақты деп бағаланып отыр. Қыздарға медицина көмегі көрсетілді".Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті алдағы желдің күшеюі және суға түсуге арналмаған жерлерде суға түсудің алдын алу туралы SMS хабарламалар жіберген.

Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындары мен қонақтарын судағы қауіпсіздік ережеcін сақтауға шақырды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: