Ақтауда резеңке матраспен теңізге шығып кеткен отбасы құтқарылды

Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері резеңке матраспен теңізге шығып кеткен алты адамнан тұратын отбасын құтқарды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәлімдеуінше, оқиға 18 шілде күні сағат 20:46-да 1-шағын ауданындағы Солдат жағажайында болған.
Маңғыстау облысы ТЖД құтқарушылары резеңке матрастармен теңізге шығып кеткен алты адамды (оның ішінде төрт бала) (1998 ж.т., 2004 ж.т., 2008 ж.т., 2015 ж.т., 2020 ж.т., 2021 ж.т.) құтқарып, жағаға жеткізді. Маңғыстау облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі

Сурет: Маңғыстау облысы ТЖД баспасөз қызметі
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript