Қазақстанда алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды

Сурет: pixabay
Алаяқтар алқау елден ақша жымқырудың тағы бір әдісін ойлап тапты: енді олар "конкурста дауыс беру" деген желеумен фишинг сілтемелер тарата бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

StopFake.kz сайты мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде Қазақстанда алаяқтықтың жаңа түрі пайда болғаны туралы ақпарат тарағанын жазды. Пайдаланушыларға белгілі бір конкурста балаға немесе таныс біреуге дауыс беру жөнінде өтініш білдірген хабарлама мен сілтеме жіберіледі. Осылайша алаяқтар аккаунттарға кіреді, тіпті ақша да ұрлайды.

Осындай алаяқтық схемасы туралы 2023 жылдың тамызында ресейлік пайдаланушылар да байқаған. Олардың айтуынша, таныстарына немесе туыстарына дауыс беру ниетімен сілтеме бойынша өткенде, телефон нөмірін және оған келген кодты енгізуді талап ететін парақша ашылады. Осыдан кейін адамдар What’sApp аккаунттарын басқара алмай қалған, ал контактілерінің барлығына дерлік дауыс беру туралы ақпарат жіберілген.

Алаяқтардың құрығына түскендердің кейбірі телефон нөмірін де, кодты да енгізбегенін, бірақ сілтеме арқылы өткеннен кейін бірден аккаунтты басқара алмай қалғандарын айтқан. Зардап шеккендердің бірінің сөзінше, алаяқтар оның басқа да аккаунттарын, соның ішінде мемлекеттік ресурстардағы аккаунттарын бұзуға тырысқан.

"Мұндай алаяқтықтан өз-өзіңізді сақтау үшін кім жіберсе де, күмәнді сілтемелерге кірмеңіздер. Егер танысыңыз сізді қандай да бір сайтқа кіруге шақырса да, есіңізде болсын – оның аккаунтын біреулер бұзып кірген болуы мүмкін", –  деп ескертті StopFake.kz.

Қазақстанда "әріптесі" болып хабарласып, ақша жымқыратын алаяқтық схемасы пайда болды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

Шекарадағы кезек. Төбелес шығарған көпбалалы ана ақыры соттан бір-ақ шықты

Қазақстанға аптап ыстықтың жаңа толқыны мен жаңбыр қатар келеді

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды