Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда "әріптесі" болып хабарласып, ақша жымқыратын алаяқтық схемасы пайда болды

Қазақстанда "әріптесі" болып хабарласып, ақша жымқыратын алаяқтық схемасы пайда болды, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.08.2023 11:14 Сурет: unsplash
Қазақстанда телефон арқылы алдаудың жаңа көп сатылы схемасы пайда болды. Шабуылшылар жәбірленушіні оның мессенджеріндегі қоңырау мен хабарламаларды пайдалана отырып, зерттейді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полицейлер телефон алаяқтығына байланысты қылмыстар саны екі есеге жуық өскенін хабарлады. "Хабар 24" хабарлауынша, алаяқтар негізінен бәріне таныс сценарий бойынша әрекет етеді: олар өздерін банк қызметкеріміз деп таныстырып, жәбірленушінің жеке дерегін алуға тырысады.

Бірақ схемалар барған сайын құбылып келеді. Соның бірі жақында Қазақстанға да жетті.

"Олар өздерін әріптесіңізбін деп таныстырады. Олар мессенджер арқылы қазір сізге реттеуші органнан телефон соғатынын және сіз қоңырауға жауап беруіңіз керек екенін жазады. Сізге шынымен де өздерін билік немесе бақылаушы орган өкілдері ретінде таныстыратын алаяқтардан қоңырау түседі. Олар банк қызметкерлері сізге қазір хабарласатынын айтады, шұғыл екенін айтып, психологиялық қысым жасай бастайды. Біраз уақыттан кейін банк қызметкері қоңырау шалады, бірақ шын мәнінде бұл - алаяқтықтың келесі кезеңі. Ал өзін "банк қызметкерімін" деген адам шот ашу, ақша аудару қажет екенін айтады".Киберқауіпсіздік бойынша сарапшы Қайыржан Әбдірахманов

Өзіңізді қорғау үшін сарапшылар ең әуелі қырағы болуға және күмәнді қоңыраулар мен SMS-терді бірнеше рет тексеруге кеңес береді. Нөмірді сәйкестендіру қызметтері сияқты жаңа технологиялар да алаяқтармен байланысын болдырмауға көмектеседі.

"Мессенджерлерде, кез келген қолданбаларда екі деңгейлі аутентификацияны орнатыңыз. Бұл пароль де, саусақ ізі де бола алады. Егер сізде екі деңгейлі аутентификация болмаса, оңай құпия сөз болса, алаяқтар үшін олжа. Олар парольді оңай тауып, атыңызды, фамилияңызды таңдап, мессенджеріңізді аша алады".Қайыржан Әбдірахманов

Мамандардың айтуынша, жыл басынан бері ел тұрғындарының 70%-дан астамына телефон алаяқтары қоңырау шалған. Біразы үшін бұл әңгімелер қаржылай шығынға ұласты. Жалпы алаяқтар қазақстандықтарға 3 миллиард теңгеден астам шығын келтірген.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: