Астанада әйел адам терезеден құлап қайтыс болды

Сурет: akorda.kz
Бүгін, 2023 жылғы 4 қазанда әлеуметтік желілерде "Астанада жас қыз терезеден құлап, мерт болды" деген ақпарат тарады, деп хабарлайды Zakon.kz .
Қайғылы жағдай болған жерден түсірілген видео myastanacity Telegram арнасында жарияланды.
"Тұран даңғылында бойжеткен тұрғын үй кешенінен құлап кетіп, қайтыс болды. Полиция жедел тергеу амалдарын жүргізіп жатыр", – делінген хабарламада.
Zakon.kz тілшісі түсініктеме алу үшін елорданың полиция департаментіне хабарласты.
"Елордалық полицейлер Тұран даңғылындағы тұрғын үй кешенінің балконынан құлап кеткен қызға қатысты тергеуді бастады. Қазір кешенді жедел тергеу шаралары жүргізіліп жатыр". Астана полиция департаментінің баспасөз қызметі
Полицейлер оқиғаның мән-жайы анықталып жатқанын айтты.
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді