Қазақстандық құтқарушылар Ауғанстанға аттанды

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Қазақстан ТЖМ құтқарушылары жер сілкінісі салдарын жоюға көмек көрсету үшін Ауғанстанға жіберілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің 10 қазан күні хабарлауынша, құтқарушылар Ауғаснтанға Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев берген тапсырманы орындау үшін аттанып кетті. Барлығы 45 адам жолға шықты. Олардың арасында Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары, кинологиялық есептобы, Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері мен фельдшерлері бар.

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

"Бұл құтқару операцияларында көпжылғы тәжірибесі бар білікті мамандар. Бірқатар құтқарушылар мен медицина қызметкерлері биылғы жылы Түркиядағы жойқын жер сілкінісі салдарын жоюға қатысқан".ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Топ қажетті жабдықтармен жабдықталған. Топты Қазақстан Республикасы ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті төрағасының міндетін атқарушы Ұларбек Әбікеев басқарады.

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

9 қазан күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Қазақстан Республикасы Ауғанстанға гуманитарлық көмек көрсететіні хабарланды.

2023 жылы 7 қазанда Ауғанстанның батысында магнитудасы 6,2-ге тең жер сілкінісі болды.

Ауғанстан
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі