Қазақстан алапат жер сілкінісі болған Ауғанстанға құтқарушылар жібереді

Ауғанстандағы жер сілкінісі, гуманитарлық көмек, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.10.2023 12:58 Сурет: primeminister.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ауғанстанға гуманитарлық көмек көрсетеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, бұл мәселе Үкіметтік комиссияның отырысында талқыланды.

"Гуманитарлық көмек азық-түлік тауарлары, шатырлар, дәрі-дәрмектер, киім-кешек және басқа да қажетті заттардан тұрады. Жүктер жақын арада әуе және теміржол көлігімен жөнелтіледі", – делінген хабарламада.

Сонымен қатар Ауғанстанға үйінділер астында қалған адамдарды құтқару үшін ТЖМ құтқарушылары, соның ішінде кинолог мамандар жіберіледі.

2023 жылы 7 қазанда Ауғанстанның батысында магнитудасы 6,2-ге тең жер сілкінісі болды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: