Қазақстанның 12 өңірінде "Абай мектептері" желісі құрылған

Қазақстанның 12 өңірінде "Абай мектептері" желісі құрылған, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.08.2023 21:40 Сурет: Zakon.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың гуманитарлық бағыттағы Абай мектептерін ашу туралы тапсырмасына сәйкес, еліміздің 12 өңірінде "Абай мектептері" желісі құрылған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Facebook-тегі парақшасында жазды.

Абай мектептері үшін "Қазақ тілі", "Қазақ әдебиеті" және "Абайтану" пәндері бойынша тереңдетілген оқу бағдарламасы бекітілген.

Алматыдағы Абай атындағы республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты осы мектептердің орталық базасы болып белгіленіп, оқу-әдістемелік кешен даярлау, тәжірибе тарату жұмыстарын жүзеге асыруда. 


"...Бұл мектептер ұлттық руханият пен ана тіліміздің жандануының символына, оқушыларға гуманитарлық білім берудің негізіне айналады деп ойлаймын. Баршаңызды руханият мерекесі - Абай күнімен құттықтаймын!", деп жазды министр өз жазбасында.
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: