Қазақстан Палестинаға қосымша гуманитарлық көмек береді

Қазақстан Палестинаға қосымша гуманитарлық көмек береді, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.11.2023 14:35 Сурет: wikimedia
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сай Қазақстан Палестинаға қосымша гуманитарлық көмек көрсетеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аталған мәселе ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен өткен Үкіметтік комиссия отырысында талқыланды.

Гуманитарлық көмекке жалпы салмағы 38 тоннадан асатын азық-түлік, төсек-орын жабдықтары, дәрі-дәрмек және медициналық бұйымдар кіреді.  Жүктер жақын арада әуе көлігімен жөнелтіледі. 

Қазақстанның қолдауы Газа секторында орын алған гуманитарлық апатты жағдайға байланысты Палестинаға көмек көрсетуге бағытталған.

Бұған дейін Қазақстан Палестина халқына $1 млн көлемінде гуманитарлық көмек көрсеткен еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: