Қазақстан Палестинаға гуманитарлық көмек жіберді
Сурет: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі
Қазақстан Палестинаға гуманитарлық жүк жіберді, оның жалпы көлемі 38 тоннадан асады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мемлекеттік материалдық резервтен азық-түлік және төсек-орын жабдықтары түріндегі гуманитарлық жүк, сондай-ақ "СК-Фармация" ЖШС дәрілік заттары мен медициналық бұйымдары жүк ұшағымен жіберілді.
Төтенше жағдайлар министрлігінің 9 желтоқсандағы мәліметінше, тізімде барлығы 14 тауар түрі бар. Жүктің жалпы көлемі 38 тоннадан асады.
Гуманитарлық жүкті Төтенше жағдайлар министрлігі 28237 әскери бөлімінің күштері тиеді.
Жүк "Қызыл Жарты Ай" қоғамының өкілдеріне беріледі.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript


