Еуроодақ індет тараған Конго аймағына гуманитарлық көмек жіберді
Сурет: magnific
Еуропалық одақтың мәліметінше, 20 Minutes басылымы жазғандай, жеткізілген көмектің құрамына дәрі-дәрмек, шатырлар және медицина қызметкерлеріне арналған жеке қорғаныс құралдары кірген. Жеткізу өңірдегі күрделі логистикалық жағдайды ескере отырып ұйымдастырылды.
Конго Демократиялық Республикасының шығыс аймақтарына жолдардың нашарлығы мен қарулы топтардың белсенділігіне байланысты жету қиын болып отыр. Бұл гуманитарлық және медициналық қызметтердің жұмысын айтарлықтай қиындатады.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, елде вирус жұқтырудың 452 жағдайы расталған, оның 82-сі өліммен аяқталған. Ауру ошағы Итури провинциясы аумағында тіркелген.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен Африканың ауруларды бақылау және алдын алу орталығы індетпен күресу үшін алты айлық әрекет жоспарын іске қосты. Жоспарда эпидемиологиялық бақылауды күшейту, зертханалық диагностика мен алдын алу шараларын кеңейту қарастырылған.
Бұған дейін Түркияда бортында 110 адам болған кеме суға батып кеткенін жазғанбыз.