Мешітте ұрлық жасаған тараздық тұрғын ұсталды

Сурет: ҚР ІІМ
Жамбылдық полицейлер кезекті ұрлық дерегін "ізін суытпай" ашты, деп хабарлайды Zakon.kz.

11 қазан күні орталық мешітте белгісіз адам келушілердің намаз оқып жатқанын пайдаланып, 45 жастағы азаматтың ілулі тұрған күртешесінің қалтасынан құны 250 мың теңге тұратын Oppo 7 телефонын және оның 29 жастағы досының 570 мың теңгелік IPhone 13 телефонын ұрлап кеткен.

Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері бұрын сотты болған Тараз қаласының 34 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Оған қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Тәжірибе көрсеткендей, оңай ақша табуды көздейтіндердің көпшілігі адамдар көп жиналатын орындарда, яғни мешіттерде, қоғамдық көліктерде, сауда орталықтарында ұрлық жасайды. Атап айтсақ, 9 айда 836 ұрлық фактісі тіркелді, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 34,4 пайызға азайған. Оның ішінде, телефон ұрлығы 41,7 пайызға төмендеді.

Жамбыл облысының полиция департаменті азаматтарды қалта ұрлығының қаупін ескере отырып, қоғамдық орындарда қырағы болуға шақырады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі