Шымкенттегі бес адам қаза болған жол апаты: автобус жүргізушісі 5 жылға сотталды

Сурет: Zakon.kz/Карина Әділбекова
Шымкентте бес адам қаза тапқан жол апатына қатысты атышулы іс бойынша сот процесі аяқталды. Автобус жүргізушісі бес жылға сотталды, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі сот залынан.

Іс қылмыстық сотта бір айға жуық қаралды. 49 жастағы Хайрулла Юлдашев бес жаяу жүргіншінің өліміне кінәлі деп танылды. Прокуратураның мәліметінше, ол автобустан түскенде қол тежегішті қоюды ұмытып кеткен. Жарыссөзде прокурор айыпталушыға 8 жыл беруді сұрады. Алайда қорғаушы ол үкіммен келіспеді. Дегенмен сот жүргізушіні 5 жылға соттады.

"Сотталушының кінәсі дәлелденді. Сот үкімімен ол кінәлі деп танылып, 5 жылға сотталды. Сондай-ақ 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды. Жәбірленуші Дариға Сейдалиеваға келтірілген материалдық шығын қанағаттандырылсын", – деп үкімді оқыды судья Жанат Мүсірәлі.

Сурет: Zakon.kz/Карина Әділбекова

Сотталушының туыстары апелляциялық шағым түсіретінін жеткізді. Жәбірленуші тарап жүргізугі кінәсен мойындап кешірім сұрағандықтан кешіргеніне қарамастан, үкіммен келіспейді.

Қайғылы оқиға 2023 жылғы 8 сәуірде сағат 18:30 шамасында "Метро" сауда орталығының маңындағы екі көшенің қиылысында болды. Жолаушылар автобусы қарсы бағытқа, одан кейін тротуарға шығып, алты адамды қақты. Автобуста жүргізуші болмаған. Апат салдарынан бес адам қайтыс болды (үшеуі оқиға орнында, екеуі ауруханада), тірі қалған жалғыз адам мүгедек болып қалды.

Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты