Шымкентте автобустың 6 адамды қағып кеткен сәтінің видеосы пайда болды (18+)

автобус, Шымкент, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.04.2023 11:30 Сурет: видео скрині
Жүргізушісі жоқ автобустың жаяу жүргінші жолағынан өткелі тұрған адамдарды қағып кеткен сәттің кадры жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шымкентте 8 сәуірде кешке автобус адамдарды қағып кетті. Бұл кезде автобуста жүргізуші болмаған. Салдарынан төрт адам қаза тапты, тағы екеуі ауруханада жатыр.

Видеоны Otyrar телеарнасы Telegram-дағы каналында жариялады. Бұл камераға түсіп қалған.


Жол апатынан кейін Шымкент клиникалық ауруханасына жеткізілген 2005 жылғы тұрғынның жағдайы орташа ауыр. Ол нейрохирургия бөлімшесінде жатыр.

Шымкент полиция департаментінің жедел-тергеу тобы жүргізуші соңғы аялдамадан қарсы бағытқа бұрылып, автобусты қол тежегішінде қалдырып, көліктен шығып кеткенін анықтады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: