Алматы облысында жолды белгіленбеген жерден кесіп өткен ер адамды көлік қағып кетті

7 қазан күні Алматы облысының Панфилов ауылында Toyota Camry көлігінің жүргізушісі ер адамды қағып кетті. Жаяу жүргінші жолды белгіленбеген жерден кесіп өткен, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жүргізушінің айтуынша, ол Құлжа трассасымен шығыс бағытта келе жатқанда, Панфилов ауылы маңында жаяу жүргінші жолға атып шыққан. Жаяу жүргіншіні көрген ол жылдамдығын бәсеңдете бастаған, алайда қайғылы жағдайдан қашып құтылу мүмкін болмапты.
Ер адам алған жарақаттарынан жедел жәрдем келгенге дейін оқиға орнында көз жұмды.
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, сараптамалар тағайындалды.

Сурет: Zakon.kz

Сурет: Zakon.kz

Сурет: Zakon.kz
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript