Қайрат Боранбаев мемлекетке 66 миллион доллардан астам қаржыны қайтарды

Сурет: "Қайрат" ФК
Шетелден қайтарылған 66 миллион доллардан астам қаржыны кәсіпкер Қайрат Боранбаев мемлекетке қайтарды. Бұл жөнінде 2023 жылғы 17 қазанда ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ҚМА Ресми өкілі Әлібек Әбділовтің айтуынша, Қайрат Боранбаевқа қатысты жүргізіліп жатқан сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында ол өз еркімен тергеумен ынтымақтасу ниеті туралы мәлімдеген.

"Боранбаевқа тиесілі компаниялар шетелден қайтарылған қаражат есебінен Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына 66 млн АҚШ долларын, яғни 30 млрд теңгеден астам қаржы аударды", – делінген хабарламада.

ҚР ҚМА өкілі бұл қаражат қолданыстағы заңнамаға сәйкес білім беру саласын қолдауға, мектептер мен басқа да оқу орындарын салуға және қайта жаңартуға, сондай-ақ бүкіл республика бойынша әлеуметтік салаға бағытталатынын атап өтті.

"Көгілдір отынды әкелу кезінде қаражат ұрлау фактісі бойынша жүргізілген тергеу аясында Боранбаев 14,5 млрд теңге көлемінде материалдық шығын өтеген еді", – деді Әлібек Әбділов.


2023 жылғы 16 қазан күні Қайрат Боранбаев Астанадағы қонақ үй кешенін мемлекет меншігіне бергені белгілі болды.

Боранбаев Қайрат

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз