Қайрат Боранбаев Астанадағы қонақ үй кешенін мемлекет меншігіне берді

Заңсыз алынған активтерді қайтару, қонақ үй, ҚР ҚМА, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.10.2023 15:35 Сурет: "Қайрат" ФК, видеодан скриншот
Тергеумен ерікті ынтымақтастық аясында ҚМА Қайрат Боранбаевтың мүлкін мемлекетке қайтару шараларын қабылдап жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл жөнінде ведомствоның Telegram арнасында жарияланған хабарламада:

"Қ. Боранбаевтың компаниялары Мемлекеттік мүлік комитетіне жалпы құны 1,4 млрд теңгеден асатын Comfort Hotel Astana қонақ үй кешенін мемлекет меншігіне өз еркімен беру үшін тиісті өтінімдер берді", – делінген.

ҚР ҚМА ұсынған мәлімет бойынша, аумағы 5 мың шаршы метрден асатын бұл қонақ үй кешенінің жылдық айналымы 900 млн теңгеге жуық.

"Қолданыстағы заңнамаға сәйкес бұл нысанды демалыс, сауықтыру және білім беру орталықтарын ұйымдастырумен әлеуметтік мақсатта пайдалану жоспарланған", – деп нақтылады ведомствоның баспасөз қызметі.


ҚР ҚМА активтерді қайтару бойынша белсенді жұмыстар жалғасын табатынын айтты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: