Жаңалықтар тізбегі
0

Боранбаевқа тиесілі мұнай кен орны, "Азия Газ Чунджа" компаниясы және ірі зауыт мемлекет меншігіне қайтарылды

«Сервисный Центр КазТурбоРемонт» ЖШС, заңсыз алынған активтер «Қаражанбас Северный» кен орны, «Азия Газ Чунджа» газ таратушы компаниясы, , сурет - Zakon.kz жаңалық 19.10.2023 14:49 Сурет: mcdonalds.kz
ҚМА Қайрат Боранбаевтың тергеумен ерікті ынтымақтастығы аясында оның мүлкін мемлекет кірісіне қайтару шараларын қабылдап жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қаржылық монитринг агенттігінің 19 қазан күні мәлімдеуінше, "Қаражанбас Северный" кен орны мемлекет меншігіне өтті.

"Оның өндірістік параметрлері – құны 35,4 млрд теңге болатын 2,6 млн тонна мұнай және 13,2 млн текше метр газ бар 143 ұңғыма. Боранбаев сондай-ақ тауарлық газды тасымалдаумен және сатумен айналысатын "Азия Газ Чунджа" газ таратушы компаниясын мемлекет меншігіне берді. Компанияның нарықтық құны 14 млрд теңгеге жуық".ҚР ҚМА баспасөз қызметі

Бұған қоса ведомство өкілдерінің хабарлауынша, құны 9 млрд теңге болатын "Сервисный Центр КазТурбоРемонт" ЖШС мұнай-газ жабдықтарын өндіру және жөндеу зауыты мемлекет меншігіне өтеді. Кәсіпорын жұмысшыларының саны 740 адамға тең.

"Бұл нысандардың барлығы мемлекеттік пайдасына өтеді".ҚР ҚМА баспасөз қызметі

2023 жылғы 16 қазан күні Қаржылық мониторинг агенттігі Қ. Боранбаевтың компаниялары Мемлекеттік мүлік комитетіне жалпы құны 1,4 млрд теңгеден асатын Comfort Hotel Astana қонақ үй кешенін мемлекет меншігіне өз еркімен беру үшін тиісті өтінімдер бергенін хабарлады.

Бұдан бөлек ол шетелден қайтарылған 66 миллион доллардан астам қаржыны мемлекетке қайтарды

Ал 18 қазан күні кәспкердің жалпы құны 33,75 млрд теңге болатын оңтүстік мегаполистің орталығында орналасқан "Алмалы" сауда орталығының ғимараты, жалға беру және мүлікті басқарумен айналысатын Unity Hall ЖШС мемлекет меншігіне өткені белгілі болды. "Алматы Тауэрс" бизнес орталығында орналасқан нысанның ауданы 11 мың шаршы метрден асады. Оның  "Fitnation" фитнес клубтар желісі де мемлекет меншігіне өтті.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: