Жаңалықтар тізбегі
0

Шымкенттегі Дендросаябақ орналасқан жер мемлекет меншігіне қайтарылды

Шымкент, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.01.2024 20:40 Сурет: amanatpartiasy.kz
Шымкенттегі Дендросаябақтың 0,29 гектар аумағы мемлекет меншігіне қайтарылды. Таяуда тағы 0,6 гектар жерді қайтару жоспарланып отыр, деп хабарлайды Zakon.kz Amanat партиясының сайтына сілтеме жасап.

"Жер аманаты" комиссиясы төрағасының орынбасары Бақытжан Базарбек атап өткендей, бұған дейін саябақтың кейбір аумағы заңсыз иеліктен шығарылған еді. 2005 жылы желтоқсанда қала әкімі 0,2430 гектар жер учаскесін үшінші тұлғаға беру туралы қаулы шығарды. 2022 жылы мамырда халық қалаулысы дендросаябақ орналасқан жерді иеліктен шығарудың заңдылығын тексеру қажет екенін айтып, АШМ Жер ресурстарын басқару комитетіне өтініш жолдады.

"Шымкент қаласының Жер ресурстарын басқару департаменті Жер телімін беру және дендросаябақ аумағының  конфигурациясын өзгерту кезінде заң бұзушылықтарды анықтады. Дендросаябақ әкімшілігіне иеліктен заңсыз шығарылған жер учаскелерін талап ете отырып Шымкент қаласы әкімдігі шығарған шешімінің күшін жою туралы талап арыз беру қажет екені туралы ұсыныс жолданды. Дендроcаябақ барлық сот отырысын жеңіп, заңсыз иеліктен шығарылған жерлер мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұрынғы әкімдер қабылдаған барлық заңсыз қаулылардың күшін жоямыз. Біз саябақтардың, гүлзарлардың және басқа да қоғамдық орындардың жерлерін иеліктен шығаруға жол бермейміз", - деді ол.

"Жер аманаты" төрағасының орынбасары комиссия алдағы уақытта 0,6 гектардан астам жерді мемлекет меншігіне және дендробақ балансына қайтару үшін саябақ әкімшілігіне сот ісі барысында жан-жақты қолдау көрсететінін жеткізді.

Бұдан соң, комиссия мүшелері 2,641 гектар жер аумағы жеке меншікке заңсыз берілген "Кең баба" қалалық саябағына барды. Партиялықтар Шымкент қаласы әкімдігінің осы жер учаскесін жеке меншікке беру туралы қаулысының күшін жою туралы Жер ресурстарын басқару жөніндегі комитетке тексеру іс-шараларын жүргізу бойынша өтініш жіберілетінін атап өтті.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: