Оралда 3,3 гектар жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылды

Жер телімі, Орал, мемлекет меншігіне қайтарылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.08.2024 21:00 Сурет: gov.kz
Оралда ұзақ уақыт бойы мақсатына сай пайдаланылмаған 3,3 гектар жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ауылшаруашылығы министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, келіп түскен өтініш негізінде Батыс Қазақстан облысының Жер ресурстарын басқару департаменті Орал қаласындағы ЖШС-нің біріне қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізді.

Тексеру нәтижесінде көп қабатты үйлерді салу және оларға қызмет көрсету үшін берілген 3,3 га жер учаскесі ұзақ уақыт бойы мақсатына сай пайдаланылмағаны анықталды.

"Департамент бұзушылықтарды 1 жыл мерзімге жою туралы нұсқама берді. Белгіленген мерзімде талаптар орындалмады, осыған байланысты жер учаскесін мәжбүрлеп алып қою туралы сотқа талап арыз берілді. Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды. Азаматтық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгеріссіз қалды", делінген хабарламада.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: