Жаңалықтар тізбегі
0

Боранбаев сауда орталығын, бизнес орталығын және фитнес-клубтар желісін мемлекетке қайтарды

Заңсыз алынған активтерді қайтару, Қайрат Боранбаев, ҚР ҚМА, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.10.2023 12:29 Сурет: "Қайрат" ФК
Қаржылық мониторинг агенттігі Қайрат Боранбаевтың мүлкін мемлекет меншігіне қайтару шараларын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет кірісіне кеңсе, сауда және ойын-сауық кешені, сондай-ақ сауықтыру және фитнес желісі өтті.

"Атап айтқанда, жалпы құны 33,75 млрд теңге болатын оңтүстік мегаполистің орталығында орналасқан "Алмалы" сауда орталығының ғимараты, жалға беру және мүлікті басқарумен айналысатын Unity Hall ЖШС. "Алматы Тауэрс" бизнес орталығында орналасқан нысанның ауданы 11 мың шаршы метрден асады".ҚР ҚМА баспасөз қызметі

Қапжылық мониториг агенттігінің мәліметінше, бұған қоса  "Fitnation" фитнес клубтар желісі мемлекет меншігіне өтті.

"Нысандар Астана, Алматы және Қостанай қалаларында орналасқан. Бұл нысандардың барлығын қолданыстағы заңнамаға сәйкес демалыс, сауықтыру және білім беру орталықтарын ұйымдастыра отырып, әлеуметтік мақсаттарға пайдалану жоспарланып отыр".ҚР ҚМА баспасөз қызметі

2023 жылғы 16 қазан күні Қаржылық мониторинг агенттігі Қ. Боранбаевтың компаниялары Мемлекеттік мүлік комитетіне жалпы құны 1,4 млрд теңгеден асатын Comfort Hotel Astana қонақ үй кешенін мемлекет меншігіне өз еркімен беру үшін тиісті өтінімдер бергенін хабарлады.

Бұдан бөлек ол шетелден қайтарылған 66 миллион доллардан астам қаржыны  мемлекетке қайтарды

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: