Чехияға жұмысқа орналаспақ болған тараздық әйел жарты миллион теңгесінен айырылып қалды

Сурет: Zakon.kz
Жамбыл облысының полицейлері алаяқтық жасады деген күдікпен 27 жастағы астаналық жігітті ұстады. Ол Тараз қаласының тұрғынына 500 мың теңгеге Чехиядан жұмыс тауып беремін уәде етіп, ақшаны алан соң хабар-ошарсыз кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жамбыл облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің 18 қазанда мәлімдеуінше, полицияға 48 жастағы әйел арызданған. Ол Instagram-да Чехяда жұмыс істеуге бос жұмыс орны жөнінде хабарландыру көрген.

Тараз қаласының тұрғыны сілтемені пшып, "жұмыс берушіге" хабарласқанда, ол әйелге Еуропа елдерінің бірінен 500 мың теңгеге жұмыс тауып беремін деп уәде еткен. Олар бұл ақша құжат рәсімдеу үшін қажет екенін айтқан. Әйел соған сеніп, соманы көрсетілген есепшотқа аударған, алайда "жұмыс беруші" сол күйі хабар-ошарсыз кеткен.

Полицейлер Жамбыл облысы полиция департаментінің арнайы "Киберпол" тобының қатысуымен күдіктіні анықтап, ұстады. Ол Астана қаласының тұрғыны болып шықты, күдікті кінәсін толық мойындады.

Тараз
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін