Астаналық әйел "ипотека алып берем" деген такси жүргізушісіне 2 млн теңге беріп, сан соғып қалды

Сурет: pixabay
Астана полицейлері "ипотека алуға көмектесемін" деп жолаушыдан 2 миллион теңге алған таксистті ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметі 20 қазан күні мәлімдеуінше, полицияға Есіл ауданының тұрғыны хабарласқан. Әйел таксиге тапсырыс беріп, сапар барысында жүргізушімен әңгіме-дүкен құрғанын, сөз барысында ипотека ала алмай жүргенін, такси жүргізушісі оған көмектеспек болғанын айтқан.

Жүргізуші банкте таныстары бар екенін айтып, несие алуға көмектесуге уәде берген. Ол үшін "таныстарына" 2 миллион теңгеден астам ақша аудару керек екенін айтқан. Әйел жүргізушіге сеніп, қажетті соманы берген. Ол алаяққа алданып қалғағын кейін түсінген.

Полицейлер күдіктіні тез арада анықтап, ұстады. 48 жастағы такси жүргізушісі жолаушыны алдап, ақшасын алып қойғанын мойындады. Оның үстінен Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнің 190-бабы бойынша іс қозғалып, тергеу басталды.  Қазір полиция ұсталған ер адамның осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтап жатыр.

Алаяқтардан сақ болыңыз
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

“Оқуға түсіремін”: Астанада 8 млн теңгені алаяқтықпен иемденген күдікті ұсталды

Астанада AMANAT партиясының съезі өтіп жатыр – делегаттар "Әділет" партиясына қосылуды қолдады