Елордалық әйел туысын түрмеден босату үшін алаяққа 3 миллион теңге берген

Сурет: Zakon.kz
Елорда тұрғыны алаяқтың құрбаны атанғанын сезбестен, туысының түрмеден шығуын үш жыл күткен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елордалық полиция департаменті баспасөз қызметінің 23 қазанда хабарлауынша, астаналық тұрғынның жақын туысы түрмеге түскен. Оны түрмеден босатамын деп үміттенген әйел көмек сұрап танысына жүгінген. Танысы түрмедегі адамды мерзімінен бұрын босатуға көмектесе алатынын айтқан.

Астаналық әйел құрбысына 3 миллион 370 мың теңге берген. Алайда ол  туысының босатылуын үш жылдан астам уақыт күткен. Жақында ғана ол полицияға хабарласып, алданып қалғанын айтқан.

Полицейлер күдікті 37 жастағы әйелді ұстады. Оған қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнің 190-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Бас прокуратура 2023 жылғы 23 қазан күні Швециядан алаяқтық жасады деген күдікпен Қазақстан азаматы экстрадицияланғанын хабарлады.

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы