Риддер ЖЭО-ның бұрынғы басшыларының үстінен алаяқтық фактісі бойынша іс қозғалды

Қаржылық мониторинг агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті алаяқтық фактісі бойынша Риддер жылу электр орталығының бұрынғы басшыларына қатысты тергеу амалдарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ҚМА Ресми өкілі Әлібек Әбділовтің мәлімдеуінше, олар алдау және сенімді теріс пайдалану арқылы бөтеннің мүлкін жымқырып, аса ірі көлемде мемлекетке 4,1 млрд теңге залал келтірген деген күдікке ілінді.

"Тергеу барысында ЖЭО жабдықтарының тозуы және жылу энергиясын берудегі бірнеше рет істен шығуына жөндеу жұмыстарын жүргізуге арналған қаражаттың жүйелі түрде ұрлануы себеп болғаны анықталды".Әлібек Әбділов

Агенттік өкілінің сөзінше, 2018-2022 жылдар аралығында Риддер ЖЭО-ның бұрынғы лауазымды тұлғалары ғылыми-техникалық қызмет көрсету, қазандықтарға, жылу желілеріне және турбогенераторларға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін кәсіпорындармен жалған келісім-шарттар жасап, уәкілетті органға жалған есептер ұсынған.

"Тергеу барысында қабылданған шаралар мен ҚР премьер-министрінің төрағалығымен Үкімет жанындағы Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссия шеңберінде Риддер қаласындағы жылу энергиясын өндіру станциясын мемлекет меншігіне беру арқылы келтірілген шығынды өтеуді қамтамасыз етті, оның құны шамамен 5,5 млрд теңге болды".Әлібек Әбділов

2023 жылғы 14 шілде күні ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Шығыс Қазақстан облысына барып, Риддер ЖЭО-ның жаңа иесімен кездесуінде Әміржан Нәбиев барлық қарызды өз қаражаты есебінен жабуға уәде берді.


Өскемен
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: