"АрселорМиттал Теміртау": Шахталардағы жұмыс уақтытша тоқтатылды

Сурет: ArcelorMittal
"АрселорМиттал Теміртау" АҚ көмір департаменті шахталарының жұмысы уақытша тоқтатылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл ақпарат компанияның ресми сайтында жарияланды.

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ көмір департаментінің шахталарының жұмысы тоқтатылды", –делінген хабарламада.

Компания осы уақыт ішінде газды қорғау бойынша тексерулер жүргізілетінін мәлімдеді.

Қарағанды ​​облысындағы Костенко атындағы шахтада 28 қазан күні сағат 02:33-те жарылыс болып, бастапқыда төрт адам қаза тапты. "АрселорМиттал Теміртау" АҚ Қарағанды ​​облысындағы Костенко шахтасында алдын ала болжам бойынша, метан жарылғанын мәлімдеді.

ҚР ТЖМ Костеноко шахтасынан 28 адамның денесі табылғанын хабарлады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз