Костеноко шахтасынан 28 адамның денесі табылды
Сурет: freepik
ҚР ТЖМ Костеноко шахтасынан 28 адамның денесі табылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше,сағат 15.00 жағдай бойынша 28 адамның денесі табылды, 18 кенші әлі іздестіріліп жатыр.
"АрселорМитталТеміртау" АҚ Көмір департаментінің Костенко атындағы шахтадағы авариялық-құтқару жұмыстарына "Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы" ЖШС Қарағанды филиалының тау-кен құтқарушылары жұмылдырылды.
Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтада 28 қазан күні сағат 02:33-те жарылыс болып, бастапқыда төрт адам қаза тапты. "АрселорМиттал Теміртау" АҚ Қарағанды облысындағы Костенко шахтасында алдын ала болжам бойынша, метан жарылғанын мәлімдеді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript