Шығыс Қазақстан облысында мас әкім жол-көлік апатын жасап, қамауға алынды

Сурет: pexels
Шығыс Қазақстан облысының соты көлікті мас күйінде жүргізіп, жол-көлік оқиғасын туғызған ауыл әкіміне қатысты іс бойынша шешім шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Yk-news.kz сайтының жазуынша, бұл жағдай 1 қазан күні Алтайда болған. Алтай ауданындағы ауылдық округтердің бірінің әкімі Chevrolet Niva қызметтік көлігімен аулада тұрған ВАЗ-21099 көлігін соққан.

Шенеунік жол апатына кінәлі екенін, оқиға кезінде мас болғанын мойындады. Медициналық сараптама әкімнің "жеңіл дәрежедегі мас күйінде" рөлге отырғанын растады.

Сот шенеунікті 20 тәулікке әкімшілік қамауға алу жөнінде үкім шығарды.Бұған қоса әкім жеті жылға жүргізуші куәлігінен айырылды. Ауылдық округ басшысы әлі сот шешіміне шағымдана алады.

Өскемен

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін