Алматы метросында оқ толы оқжатар алып жүрген жігіт ұсталды

Алматы метросында жолаушыларды тексеру кезінде жас жігіттің рюкзагынан автоматтың оқжатарын тапқан полиция қызметкерлері оқиға орнына тергеу-жедел тобын шақырды, деп хабарлайды Zakon.kz., сурет - Zakon.kz жаңалық 25.11.2026 16:13 Сурет: Алматы қаласының ПД
Алматы метросында жолаушыларды тексеру кезінде жас жігіттің рюкзагынан автоматтың оқжатарын тапқан полиция қызметкерлері оқиға орнына тергеу-жедел тобын шақырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі 2026 жылғы 25 қарашада мәлімдегендей, оқиға "Бауыржан Момышұлы" метро станциясында болған.


"Жолаушыны тексеру барысында полиция қызметкерлері оның рюкзагынан 5,45 мм калибрлі 29 патрон салынған оқжатар тапты. Күдікті зат рентген-телевизиялық қондырғының көмегімен жүргізілген тексеру кезінде анықталды. Оқиға орнына дереу тергеу-жедел тобы шақырылды. Жас жігіт оқиғаның мән-жайын анықтау үшін Әуезов аудандық полиция басқармасына жеткізілді", – делінген ведомство хабарламасында.

Айта кетейік, 4 қарашада Алматы полициясы метрода кастет алып жүрген жас жігіттің ұсталғанын хабарлаған еді. Ал 5 қарашада "Райымбек батыр" станциясында қала тұрғыны метро қызметкерлеріне жарылғыш құрылғының бар екенін мәлімдеген болатын. Сондай-ақ "Абай" станциясында жолаушылардың бірінен пышақ, ал метроның тағы бір жолаушысынан 5,45 мм калибрлі екі патрон табылған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: