Алматы метросында оқ-дәрі алып жүрген жігіт ұсталды

Алматы метросында жолаушыдан екі патрон табылды, деп хабарлайды Zakon.kz., сурет - Zakon.kz жаңалық 16.09.2026 09:44 Сурет: pixabay
Алматы метросында жолаушыдан екі патрон табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

"Байқоңыр" станциясында метрополитен полициясының қызметкерлері көлік қауіпсіздігі қызметімен бірлесіп жолаушыны тексерді. Рентген-телевизиялық қондырғы оның сөмкесінен күмәнді затты көрсетті. Тексеру барысында калибрі 5,45 миллиметрлік ойық ұңғылы қаруға арналған екі патрон табылып, тәркіленді", – делінген хабарламада.

Жас жігіт ұсталып, аумақтық полиция қызметкерлеріне тапсырылды. Қазір оның оқ-дәрілерді қайдан алғаны және қандай мақсатпен алып жүргені анықталып жатыр.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның өзге де мән-жайлары анықталып жатыр.

Ал бұған дейін Алматы тұрғынының кәдімгі балық аулауы жедел топтың шақырылуына себеп болған еді. Ол қармақ салып, судан оқ-дәрі салынған сөмкені алып шыққан.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: