Алматы метросында жолаушыларға жолақыны төлеу ыңғайлы болмақ

2025 жылдың 16 мамырында қала әкімдігінің берген ақпаратына сай, Алматы метросында турникеттер жаңартылады. Қызметкерлердің айтуынша, енді жолаушыларға жолақыны төлеу ыңғайлы болады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматы метрополитенінде күзге қарай жолаушылар жолақыны тікелей кіреберісте – Apple Pay, Google Pay немесе Samsung Pay сервисі бар банк картасын немесе смартфонды құрылғыға тигізу арқылы төлей алады.
"Бұған дейін банк картасымен касса арқылы немесе арнайы бір турникет арқылы ғана төлеуге болатын. Енді барлық бекеттегі турникеттер байланыссыз төлем жүйесімен жабдықталады. Бұл жолаушылардың өту үдерісін едәуір жеделдетіп, жол жүруді әлдеқайда ыңғайлы етеді." Алматы қаласының әкімдігі
Бұл жаңашылдық көлік картасын қолданбайтын немесе жетон сатып алуға уақыт жоғалтқысы келмейтіндер үшін өте қолайлы. Енді кезекте тұрудың қажеті жоқ – тек картаңыз немесе смартфоныңыз болса жеткілікті.
Инфрақұрылымды жаңарту – қалалық қоғамдық көлік сапасын арттыруға және жолаушылардың, соның ішінде алматылықтар мен қала қонақтарының жайлылығын арттыруға бағытталған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript