Алматыда заңсыз құрылысқа бақылау күшейтілді

 Алматының қала құрылысын бақылау басқармасы ақпарат берді, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.05.2025 09:14 Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
2025 жылдың 19 мамырында Алматының қала құрылысын бақылау басқармасының берген ақпаратына сай, заңсыз құрылысқа қарсы бақылауды жұмыстары күшейтіліп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ресми ақпаратқа сүйенсек, Алматыда қала әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен 2022 жылдың басынан 2025 жылдың мамырына дейін қалада рұқсатсыз салынған 88 нысан толығымен немесе жартылай бұзылды.

2025 жылы заңсыз салынған 18 ғимарат сүрілді. Олардың ішінде тұрғын үй кешендері, әкімшілік ғимараттар, жапсаржайлар, дәмханалар, көлік жуу орындары және басқа да құрылыстар бар. Ең ірі нысандар қатарында "Мечта" таунхаусы, "KHAN" ТҮК және Достық даңғылындағы 7 қабатты әкімшілік ғимарат бар.

"Таулы аймақтағы заңсыз құрылысқа ерекше назар аударылды. Мұнда 38 нысанға қатысты сот шешімі шыққан, олардың 12-сі толық немесе жартылай бұзылған. Тағы 3 нысанда құрылыс жұмыстары бастапқы кезеңде тоқтатылған." Алматының қала құрылысын бақылау басқармасы

Бұзу жұмыстары тек сот шешімі мен тиісті құжаттар негізінде, сот орындаушыларының қатысуымен жүргізіледі.

Заңсыз құрылыстарды анықтау және тоқтату жұмыстары жалғасуда.

"Заңсыз құрылысқа бақылауды күшейту – қазіргі күннің талабы. Қала инфрақұрылымына, көлік және әлеуметтік жүйеге жүктеме артып барады. Рұқсатсыз, бейберекет құрылыс тек қаланың дамуына емес, тұрғындардың қауіпсіздігіне де тікелей қауіп төндіреді. Әсіресе, таулы аймақтағы құрылысқа ерекше назар аудару қажет. Бұл аумақтар сейсмикалық тұрғыдан әлсіз әрі қауіпті аймақтар. Осындай жерлердегі заң бұзушылықтар өте ауыр салдарға әкелуі мүмкін. Ең бастысы, барлық сүру жұмысы заң аясында сот шешімімен ғана жүзеге асырылып жатыр. Бұл баршаға ортақ ереже мен әділеттілік кепілі. Алматыда атқарылып жатқан бұл шаралар басқа қалалар үшін де үлгі бола алады", – деді урбанист және қоғам қайраткері Гүлмира Байғабұлова.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: