Алматыда ірі заңсыз нысан сот шешімімен бұзылып жатыр

Нүсіпбеков көшесі, 51 мекенжайында орналасқан төрт қабатты заңсыз ғимарат бұзылып жатыр. Бұл туралы Алматының Қала құрылысын бақылау басқармасының өкілдері айтты., сурет - Zakon.kz жаңалық 20.01.2026 15:39 Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Нүсіпбеков көшесі, 51 мекенжайында орналасқан төрт қабатты заңсыз ғимарат бұзылып жатыр. Бұл туралы Алматының Қала құрылысын бақылау басқармасының өкілдері айтты.

Бұған дейін нысан иесіне қатысты әкімшілік шаралар қабылданып, ғимаратты өз еркімен бұзу туралы нұсқама берілген. Алайда нұсқама талаптары орындалмаған.

2025 жылы 8 мамырда Алматы қаласының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты Қала құрылысын бақылау басқармасының талап-арызын қанағаттандырып, нысанды бұзу туралы шешім шығарды.

Сот шешімі орындалуы үшін Әділет департаментіне жолданған.

Бүгін сот орындаушыларының қатысуымен нысанды бұзу жұмыстары басталды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: