Алматыда ірі құрылыс нысаны бұзылып жатыр

Алматының Қала құрылысын бақылау басқармасы Ерменсай шағынауданында, Жәңгір хан көшесі, 46-үйде орналасқан үш қабатты тұрғын үйдің бұзылып жатқанын хабарлайды., сурет - Zakon.kz жаңалық 08.08.2025 14:46 Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматының Қала құрылысын бақылау басқармасы Ерменсай шағынауданында, Жәңгір хан көшесі, 46-үйде орналасқан үш қабатты тұрғын үйдің бұзылып жатқанын хабарлайды.

Тексеру кезінде нысан иесінің құрылысқа рұқсат беретін тиісті құжаты жоқ екені және жоба сызбасының қате болғаны анықталған.

Осыған байланысты меншік иесіне (жеке тұлға) әкімшілік шаралар қолданылып, заңбұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілген.

Алайда нұсқама талаптары орындалмағандықтан, Бостандық аудандық сотына нысанды сүру туралы талап-арыз берілді. Бұдан кейін ұзаққа созылған сот процесі жүргізілді.

2023 жылы 15 тамызда Жоғарғы соттың қаулысымен алғашқы сот инстанциясының нысанды бұзу жөніндегі шешімі өзгеріссіз қалдырылды. Кейіннен Алматы қаласы Әділет департаментінде орындау процесі басталды.

Бүгін сот орындаушыларының қатысуымен нысанды бұзу жұмыстары басталды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: