Алматы метросында жолаушының сөмкесінен пышақ пен кісен табылды

Метрополитен, пассажиры метро, метро, общественный транспорт, вагоны метро, люди в метро, работники метро, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.07.2026 14:27 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Жақында Алматы метросында тексеру кезінде күмән тудырған жүк анықталды. Жолаушының сөмкесін тексеру барысында оның ішінен пышақ пен кісен табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға "Райымбек батыр" метро станциясында болған.

"Метрополитендегі полиция қызметкерлері мен көлік қауіпсіздігі қызметінің бірлескен тексеруі барысында рентген-телевизиялық қондырғының көмегімен жолаушылардың бірінің сөмкесінен пышақ пен арнайы құрал – кісен анықталды", – деп хабарлады Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі.

Белгілі болғандай, ер адам ұсталып, мән-жайды анықтау үшін Жетісу аудандық полиция басқармасының қызметкерлеріне тапсырылды.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша тексеру жүргізіліп жатыр.

"Полицейлер оқиғаның барлық мән-жайын анықтап, ұсталған азаматтың әрекетіне құқықтық баға береді", – деп мәлімдеді Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі.

Еске салайық, бұған дейін алматылық жас жігіт метро күзетшілерін алдамақ болып, ақыры қамауға алынғаны хабарланған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: