Алматы метросында колледж студентінен үш оқ табылды
Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Алматы метросында кәмелетке толмаған жолаушыдан жауынгерлік болуы мүмкін үш оқ табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Райымбек батыр" метро станциясында Метрополитендегі полиция басқармасының қызметкерлері тексеру барысында қаладағы колледждердің бірінің студентін ұстады.
Жеке тінту кезінде оның жанынан Калашников автоматына тиесілі болуы мүмкін үш оқ табылды.
"Оқиға орнына Жетісу аудандық полиция басқармасының жедел-тергеу тобы дереу келді. Табылған оқ-дәрілер тәркіленіп, тиісті сараптамаға жолданды", – делінген хабарламада.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқ-дәрілердің қайдан шыққанын және оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Полиция қару мен оқ-дәрілерді заңсыз сақтау, алып жүру және тасымалдау қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертті.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript