Астана тұрғынының 800 мың теңгенің дөңгелегін ұрлауға жолаушы мен таксист білмей көмектескен

Сурет: pixabay
Астана тұрғыны бөтеннің гаражынан құны 800 мың теңге тұратын дөңгелектерді ұрлап кеткен. Бұған заңның бұзылғанын білмей такси жүргізушісі мен өтіп бара жатқан адам көмектескен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елордалық полиция департаментінің мәліметінше, полицияға Астана тұрғыны арызданған. Ол біреудің гаражынан жалпы құны 800 мың теңге тұратын сегіз көлік дөңгелегін бәзбіреу ұрлап кеткенін айтқан.

Полицейлер бейнебақылау камерасының жазбаларын тексеріп, күдіктіні анықтады. Ол 28 жастағы елорда тұрғыны болып шықты. Ер адам бөтен гараждың құлпын бұзып, доңғалақтарды шығарып алған, содан кейін оларды жүктеуге такси шақырған. Сонымен бірге ол кездейсоқ өтіп бара жатқан адамнан ұрланған заттарды көлікке тиеуге көмектесуін сұраған. Өтіп бара жатқан адам да, такси жүргізушісі де көз алдында ұрлық болып жатыр деп күдіктенбеген.

Күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексiнің 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ұсталған азамат кінәсін мойындады. Полицейлер оның басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.

Қазан айының басында Шымкентте де осындай оқиға болған. Ол кезде бірнеше жас жігіт ұрланған самокатты жолға шығаруды өтінген бейтаныс адамға көмектескен.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды