Теміртауда екі жасар баланы айуандықпен өлтірген өгей әке өмір бойына бас бостандығынан айырылды

Сурет: freepik
Теміртауда екі жасар өгей ұлын айуандықпен өлтірген ер адамның соты өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Соттың анықтауынша, айыпталушы баланы 2023 жылғы 21 наурыз күні мас күйде айуандықпен өлтірген.

2023 жылғы 23 наурызда Теміртау қаласындағы пәтерлердің бірінен кішкентай баланың денесі табылды. Көп ұзамай полицейлер Теміртау қаласында баланы өлтірді деген күдікпен 24 жастағы ер адам ұсталғанын хабарлады.

Баланың жүрек тұсындағы пышақ жарақаттарынан бөлек, қолы да сынған. Баланың анасы күйеуі ұсталған кезде қолы кесілгенін байқаған, ол тамырын кеспек болған. Әйелдің сөзінше, күйеуі тергеу эксперименті кезінде түрмеге түспей, емделуге ауруханаға бару үшін өзін аурушаң етіп көрсетпек болған.

Ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды