Теміртауда пәтерлердің бірінен екі жасар баланың мәйіті табылды: күдікті ұсталды
Сурет: ҚР ІІМ баспасөз қызметі
Теміртауда екі жастағы баланы өлтірген күдікті ұсталып, кінәсін мойындады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қарағанды облысы полиция департаментінің мәлімдеуінше, жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Теміртау қаласында баланы өлтірді деген күдікпен 24 жастағы азамат ұсталды.
"Ол мойындау көрсетпе белгілерін берді. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабы 3-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды", – делінген хабарламада
Ведомсвто өкілдері қазір тергеу амалдары жүріп жатқанын атап өтті.
2023 жылғы 23 наурызда Теміртауда пәтерлердің бірінен кішкентай баланың өлі денесі табылды. 24 наурыз күні облыстық полиция күдіктінің жеке басы анықталып, оған іздеу жарияланғанын хабарлады.
Баланы анасымен бірге тұратын 24 жастағы жігіт өлтірді деп күдіктелген еді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript