Павлодар облысында екі бірдей адамды пышақтап өлтірген күдікті ұсталды
Сурет: Zakon.kz
Павлодар облысында екі бірдей адамды пышақтап өлтірген күдікті ұсталды. Ол мәйіттерді үйдің ауласында қалдырып, өзі тығылып қалған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қанды оқиға Тереңкөл ауданы, Береговое ауылында тіркелді. Азаматтық некедегі марқұмдардың үйінде кәмелеттік жасқа толмаған баласы да болған.
Дегенмен ол зардап шекккен жоқ. Ересектер дауыс көтеріп, жаға жыртыса бастаған сәтте тығылып қалған, деп жазады qazaqstan.tv.
Күдіктінің бұндай оқыс әрекетке баруына не себеп болғаны әзірге белгісіз.
Аталған қылмыстық іс жасағаны үшін 22 жастағы күдікті, ауыл тұрғыны анықталып, ұсталды. Оқиға орнында қажетті тергеу әрекеттері жүргізілді. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 99 бабы, 2 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Жасқайрат Қайыров, Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript