Астанада бір аптада қоғамдық мүлікті бүлдірген екі адам жазаланды

Сурет: Zakon.kz
Елордада вандализмнің кез-келген әрекетіне қарсы күрес жүріп жатыр. Бірер күн бұрын полицейлер қаладағы кафелердің бірінің мүлкіне зиян келтірген адамды жауапқа тартты.
"Оқиға түнгі сағат 01.00 шамасында Қосшығұлұлы көшесіндегі кафеде болған. Мас адам мекеменің алдыңғы есігін бұзған. Оқиға орнына полицейлер барды. 43 жастағы қылмыскер кінәсін мойындап, өкінетінін білдірді. Ол ҚР ӘҚБтК-нің 147-1-1-бабына сәйкес 15 тәулікке қамауға алынды. Сонымен қатар тағы бір ер адам күндіз Мұхамедханов көшесіндегі үйдің кіреберісінде мас күйінде біреудің мүлкіне зиян келтірген. Сот оған айыппұл салды", - делінген Астана әкімдігінің ресми хабарламасында.

Жыл басынан бері елорда полициясының қызметкерлері вандализмнің 100-ден астам фактісін анықтады. Қалада екі мыңнан астам полиция қызметкері күнделікті патрульдейді.

Айта кетейік, жыл басынан бері Астанада еріктілер, белсенділер, танымал спортшылар, қала тұрғындары қолдау білдірген "Тоқта, вандал" акциясы жұмыс істейді. Акция аясында қала бойынша күндізгі және түнгі рейдтер өтеді, халық арасында қоғамдық тәртіпті сақтау қажет екені туралы түсіндіру жүргізіледі.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды