"Үшарал-Достық" тас жолында қар борап тұр. Полицейлер ұзақ жолға шықпауды сұрайды

Сурет: pixabay
15 желтоқсанда Жетісу облысы Алакөл ауданы маңындағы "Үшарал - Достық" тас жолында қар борап, бірнеше жүк және жеңіл көліктер тұрып қалды. Қар құрсауында қалып кеткен адамдарға тәртіп сақшылары мен төтеншеліктер көмекке келіп жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазіргі уақытта құтқару шаралары жалғасуда. Жүргізушілер мен жолаушылар жылы жерге жеткізілді. Қарда батып қалған көлік құралдары жақын маңдағы елдімекендерге арнайы техникамен сүйреп апарылады". Жетісу облысы ПД баспасөз қызметі

Полиция азаматтарға ұзақ сапарлардан уақытша бас тарта тұруға кеңес береді.

"Өңірде (Алакөл ауданы маңында) қар борап тұр. "Үшарал-Достық" тас жолында айналаның көріну деңгейі - 0", делінген полиция хабарламасында. 


Айта кетсек, Жамбыл облысында қолайсыз ауа райына байланысты табиғи сипаттағы төтенше жағдай режимі жарияланып, тіпті пойыздар да тоқтады.

Алматы облысы
Талдықорған

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?