Жаңалықтар тізбегі
0

Жамбыл облысындағы төтенше жағдайға байланысты бес жолаушылар пойызы тоқтап тұр

Жолаушылар пойызы, Жамбыл облысы, төтенше жағдай режимі, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.12.2023 19:09 Сурет: "Жолаушылар тасымалы" АҚ
2023 жылы 15 желтоқсанда Жамбыл облысының Қордай және Шу аудандарында табиғи сипаттағы төтенше жағдайдың жариялануына байланысты "Жолаушылар тасымалы" АҚ бірқатар жолаушылар пойыздары жүрісін тоқтатқанын жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, мына маршуттар: 

  • 15 желтоқсанда Нұр-Сұлтан-1 станциясынан жөнелетін №10 Нұр-Сұлтан 1 - Алматы 2 пойызының жүру уақыты 1 күнге кейін шегерілді;
  • 15 желтоқсанда Алматы-2 станциясынан жөнелетін №9 Алматы 2 - Нұр-Сұлтан 1 пойызының жүру уақыты 1 күнге кейін шегерілді;
  • 16 желтоқсанда Атырау станциясынан және 18 желтоқсанда кері бағытта Алматы станциясынан жөнелетін №29/30 Атырау-Алматы 1 пойызының жүріс уақыты 1 күнге кейін шегерілді;
  • 15 желтоқсанда Алматы-2 станциясынан және кері бағытта 16 желтоқсанда Нұр-Сұлтан Нұрлы жол станциясынан жүретін №3 Алматы 2 - Нұр-Сұлтан Нұрлы жол пойызының жүру уақыты 1 күнге кейін шегерілді;
  • 15 желтоқсанда Алматы 2 және кері бағытта Жезқазған қаласынан 16 желтоқсанда жүретін №505/506 Алматы 2 - Жезқазған пойызының жүру уақыты 1 күнге кейін шегерілді.
"Жоғарыда көрсетілген бағыттарға билет сатып алған жолаушыларға ТЖ билеттері үшін ақшалай қаражат қайтарылады". "Жолаушылар тасымалы" АҚ

Ұлттық тасымалдаушы туындаған жағдайға түсіністікпен қарауды және қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.

Қосымша ақпарат алу үшін жолаушылар «1433» тегін нөміріне және «KTZH_PP_BOT» бот телеграм парақшасына жүгіне алады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: