Жамбыл облысында тоқтап қалған пойыздар қозғалысы қалпына келтірілді
Сурет: railways.kz
Жамбыл облысында Шығанақ-Шу учаскесінің Қияхты-Хантау аралығындағы пойыздар қозғалысы қалпына келтірілді. Тоқтап қалған 5 жолаушы және 5 жүк пойызы қайта жолға шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.
27 қарашада сағат 9:07-де Жамбыл облысының Шығанақ-Шу учаскесіндегі Қияхты-Хантау аралығында теміржол байланыс желісінде кернеудің болмауына байланысты жолаушылар пойыздары тоқтап, жолда қалған.
Бұған дейін бұл учаскеде қатты жел (20 м/с дейін) жүк пойызындағы бос контейнерді жұлып әкеткен болатын. Құлаған кезде контейнер байланыс желісінің бағанына зақым келтірді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Орын алған оқиға бес жолаушы мен бес жүк пойызының кідірісіне әкеліп соқтырды. "Қазақстан теміржолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі
Тоқтатылған пойыздардың жолаушылары болған оқиғадан хабардар етілген.
Орын алған оқиға салдарын жою үшін Шу станциясының жөндеу бригадасы жіберілді. Сағат 13: 38-де пойыздардың қозғалысы қалпына келтірілді. "Қазақстан теміржолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript