Жаңалықтар тізбегі
0

Жамбыл облысында вагондар рельстен шығып кеткеннен кейін пойыздар қозғалысы қалпына келтірілді

Бұған дейін 17 шілдеге қараған түні Жамбыл облысында жүк пойызы рельстен шығып кеткені хабарланған болатын. Оқиға салдарынан ешкім қайтыс болған немесе зардап шеккен жоқ., сурет - Zakon.kz жаңалық 17.07.2023 13:48 Сурет: pixabay
Бұған дейін жүк пойызының бірнеше вагоны рельстен шығып кеткен Жамбыл облысындағы Аспара теміржол вокзалында қозғалыс қалпына келтірілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"ҚТЖ" ҰК" АҚ баспасөз қызметі хабарлағандай, Түрксіб-Шу учаскесінің "Аспара" стансасында пойыздар қозғалысы қалпына келтірілді. Оны жүк вагондарының рельстен шығып кетуі оқиғасы үзді.


"Рельстен шығып кету салдарын жоюға Шу және Тараз станцияларының қалпына келтіру пойыздары жұмылдырылды. Рельстен шығып кету салдарынан жолаушылар пойыздары кешіктірілді. Жолаушылар тамақпен және ауыз сумен қамтамасыз етілді. Компания жолаушылардан апатқа байланысты қолайсыздық тудырғаны үшін кешірім сұрайды", - деді баспасөз қызметі.

Бұған дейін 17 шілдеге қараған түні Жамбыл облысында жүк пойызы рельстен шығып кеткені хабарланған болатын. Оқиға салдарынан ешкім қайтыс болған немесе зардап шеккен жоқ.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: